ТӨРТ

lat: TÓRT /36/

сан. Үш пен бестің аралығындағы есептік сан.

Шатынаған соғыс салған сызаттан,

Кәрі кеуде жалын атқан, сыз атқан!

Төрт баланы тыныштыққа құрбан қып,

Төрт келінді төрт адамға ұзатқан (1,289).

Өртеді жанын, дерт қылды,

Әттеген-ай, әттеген…

Өткізіп апты-ау төрт жылды,

Пленник деген атпенен (2,324).